КЕҢЕС ДӘУІРІНІҢ 50-ШІ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КИІМІ (ЛИСАКОВ ЖОҒАРҒЫ ТОБЫЛ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ МУЗЕЙІНІҢ КОЛЛЕКЦИЯСЫ, ҚАЗАҚСТАН)
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.11Түйінді сөздер:
социализм сәні, кеңес әйелі, провинциялық тігінші, үйде тігу, табиғи маталарАннотация
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі қорында ХХ ғасырдың 50 - ші жылдары провинциялық тігіншілер тіккен әйелдер киімдерінің үлгілері жинақталған. Күрделі өрнектерге негізделген әйелдер көйлегінің қиюы, табиғи талшықтардан жасалған маталарды басып шығару және табиғи түстерді қолдану әйелдер костюміне талғампаздық беретіні көпшілікке мәлім. Осы орайда көптеген провинциялық тігіншілер әлемдік сән үрдістеріне еліктеуге ұмтылды. Сондықтан болар, 50-ші жылдардағы кеңес әйелдерінің киім стилі Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, тұтыну нарығында еуропалық сән брендтерінен алынған заттар пайда болған кезде дамыды. 50-ші жылдардағы сол кезеңдегі костюмдер Қазақстандағы көші-қон процестерін көрсететін ұлттық киім элементтерін де қамтыды. Сонымен қатар, жалпы әйелдер киімінің ерекше стилін қалыптастыруда Харбиннен келген әйелдердің костюмдері (киім үлгілері) керемет көрініске ие болуда өзіндік рөл атқарды. Осы орайда Лисаков музейінің қор коллекцияларында сақталып келген әйелдер киімінің екі жүзге жуық үлгісі бар еекенін ескере отыра, олар кеңес провинциясындағы 50-ші жылдардағы әйелдердің гардеробын, киіну стилін және сән үлгісін сипаттайтынында айта кету жөн. Олар: көйлектер, блузкалар, табиғи матадан жасалған юбкалар, шляпалар, орамалдар, шұлықтар, аяқ киім, іш киімдер және т.б.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің қорында сақталған көйлектер, маталар, аксессуарлар коллекциясы пайдаланылды. Заттар каталог жүйесіне енгізілген, сипатталған, сатып алу тарихы бар. КСРО-да 50-60 жылдары жарық көрген сән журналдары мен үй киімдерін жобалауға арналған кітаптар жинақтары зерттелді. Коллекциядағы киімді қалпына келтіру қию ерекшеліктерін анықтауға және үлгілерді қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 50-ші жылдардағы ерекше киімдегі әйелдердің суреттері бар отбасылық фотосурет талданды. Қостанай және Қарағанды облыстары тұрғындарының әйелдер сәніндегі жергілікті үрдістер туралы естеліктерді жинау жүзеге асырылды.