ЖЕТІСУДЫҢ АҚША АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ ТАН ӘУЛЕТІНІҢ МОНЕТАЛАРЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ЕЛІКТЕУЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.13Түйінді сөздер:
жергілікті еліктеу, Тан әулеті монеталары, қарлұқтар, Жетісудың ертеортағасырдағы ақша кешеніАннотация
Қарлұқтардың билік жүргізген кезеңдеріндегі Жетісудағы ақша айналымын зерттеудің негізгі дереккөзі – ол нумизматикалық табылымдар. IX ғ. ортасында Х ғ. басында кең таралған, Тан әулетінің қола монеталарына ұқсастырылып құйылған еліктеу монеталары өздерінің жасалу уақыты мен орны туралы азда болса ақпарат бере алады. Алдымен Шу алқабының шығыс бөлігіндегі Ақбешім, Қызылөзен, Шіштөбе және Боран қалашықтарда жиналған Тан әулетінің монеталарына еліктеп құйылған Жетісудың жергілікті монеталары (330 дана) зерттеуге алынды. Олар монета түрлерінің тозу дәрежесі бойынша бірнеше топқа бөлінді. Аталған елді мекендер мен Тараз маңайында табылған еліктеу монеталарына салыстырмалы талдау жүргізілді. Ерекшеліктері ретінде Түргеш монеталарына еліктеген бірнеше монета түрлері анықталды. Кейбіреулері реверсін жағында көрінетін "М" әрпіне ұқсас руникалық "r" әрпі бар салмақты монеталарға еліктеген. Кәдімгі түргеш үлгілеріне еліктеу монеталарының ортасында дөңгелек тесігі бар, жазулары мүлдем өшіп қалған. Шу және Талас бойы қалашықтарынан жинақталған жергілікті еліктеу монеталардың әртүрлі типтерін статистикалық тұрғыдан талдау негізінде олар жалпымемлекеттік емес, жергілікті қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін сол қалалық орталықтардың бастамасымен құйылған монеталар деген қорытынды жасаған жөн.