ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ ЛАГЕРЬЛЕРІ

##article.authors##

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.06.06

Түйінді сөздер:

ГУЛАГ, Карлаг, Степлаг, АЛЖИР, террор, КСРО, сталиндік режим, ОГПУ, НКВД

Аннотация

Аңдатпа. Кеңес Одағының саяси қылмысы бойынша жазаға тартылған мыңдаған қазақстандықтар «Карлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» және «ГУЛАГ»-тың басқа да құрылымдарында өз жазаларын өтеді. Қазақтанның орталық бөлігінде орналастырылған еңбекпен түзету лагерлеріне жазықсыз жала жабылып тоғылған саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың отбасылары, туыстары елдің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға ат салысты. Алайда, бұл кезеңдегі қуғын-сүргін халықтың қалың бұқарасына қаншалықты әсер еткендігін дұрыс талдау үшін, қуғын-сүргінге ұшырағандардың әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін зерттеу қажет деп, ойлаймыз.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын жазалау тарихының хронологиялық көлемі лагерь жүйесінің өмір сүруінің 1918 жылдан 1958 жылға дейінгі 40 жылдық кезеңін қамтиды. Дегенмен, қазақстандық зерттеушілердің негізгі назары 1920 жылдардың аяғынан 1950 жылдардың ортасына дейінгі кезеңге аударылады. Дәл осы жылдары КСРО-да Кеңес мемлекетінің жазалау саясатын жүзеге асырудың негізгі арнасына айналған мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерлері жүйесі ресми түрде қалыптасып, жұмыс істеді. Іс жүзінде бұл Кеңес Одағының барлық аумағы мен халықтарын қамтиды, өйткені ГУЛАГ бөлімшелері КСРО-ның әр аймағында және барлық одақтық республикаларда болды. Осындай күрделі тарихи мәселені зерттеудің ұзақ кезеңіне қатысты тарихи деректермен жан-жақты танысу, оның ішінде еліміздің көптеген аймақтары, соның ішінде еңбекпен түзету лагерлерінің салынған жерлеріне қатысты жалпылама зерттеулердің пайда болуы тақырыптың даулы аспектілерін шешуге, әртүрлі көзқарастарды жинақтауға, пікір алмасуға, шындықты анықтауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2024-06-30