ЗАМАНДАСТАР КӨЗІМЕН ЖОШЫ ҰЛЫСЫ (ХАЛҚЫ) ТУРАЛЫ КЕЙБІР ЕСКЕРТПЕЛЕР

##article.authors##

  • Джю-Юп Ли Торонто университеті

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.06.07

Түйінді сөздер:

Жошы ұлысы, орда, түркі-моңғол, шағатай тілі, хан, сұлтан, қыпшақ, қазақ, шибанидтер

Аннотация

Аңдатпа. Қазіргі тарихнамада Алтын Орда деген атпен белгілі Жошы ұлысы ХІІІ ғасырдың ортасында моңғолдар Дешті Қыпшақ пен орыс княздіктерін жаулап алғаннан кейін құрылған Батыс моңғол мемлекеті. Ол «Жошы ұлысы» деп Шыңғыс ханның (1206-1227 ж.ж.) үлкен ұлы Жошының (1225 ж. өл.) ұрпақтары басқарғандықтан  аталды.

Мақалада моңғол және одан кейінгі кезеңдегі түркі-моңғол мемлекеттерінде жазылған дереккөздердегі Жошы ұлыстарына (ұлыс – халық дегенді білдіреді) замандастырының көзқарасы мәселесі қарастырылады. Сол замандастарының Жошы ұлысының болмыс табиғатына қатысты түсінігін зерттеу мақсатында илхандық, тимуридтік, Шибан-өзбек, Қырым-татар, Осман және «қазақ» деректеріне кішігірім, бірақ кең ауқымды зерттеу жүргізілді. Бұл мақаланың негізгі тезисі – әртүрлі деректерде Жошы елі, өзбектер, татарлар, тоқмақ деп аталған Жошы ұлысының халқын замандастары бір халық деп есептеген. Сонымен қатар дереккөздерде ата-бабалары осы халықпен сәйкестендірілген қазіргі қазақтар Жошы ұлысының негізгі мұрагерлері болып табылады. Жұмыстың нәтижесінде автор, Жошы ұлысының даму тарихына байланысты әртүрлі пікірлерге тоқталып, ұлыстың өмір сүрген кезеңіне қатысты тарихи деректерді бір жүйеге келтірген.

Жарияланды

2024-06-30