МУЗЕЙ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

##article.authors##

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.06.10

Түйінді сөздер:

Музей, экспозиция, талдау, параметр, ағарту, экспонат, рухани қажеттілік

Аннотация

Аңдатпа. Ұсынылған мақалада музейлердің қазіргі тәжірибесінде қолданылып жүрген музей экспозициясы мен технологияларын талдауға және жіктеуге арналған. Бұл, ғылыми-зерттеу, жобалау және оқу іс-әрекетінің бұрынғы қолданыстағы теориялық, практикалық тұжырымдарды және ғылыми мақалаларды саралау.

Мақаланың мақсаты талдаудың нақты параметрлерін айқындаудың негізгі принциптерін атап көрсету. Талдау параметрлерін нақтылау, жоспар құру, «ағарту» принциптерін қатаң сақтау - музей экспозициясына талдау жасаудағы жұмыстың негізгі формасы ретінде қарастырылады.

Мақаланың негізгі міндеті – музей экспозициясының ғылыми-теориялық мәнін ашу, музейдің коммуникативті мүмкіндіктеріне талдау жасау, музей экспозициясын ғылыми-көпшілік өнер туындыларына айналған құбылыс ретінде көрсету. Музейдің негізгі көрінісі экспозиция арқылы нақты деректермен дәлелдей отырып келушілерге белгілі бір дәрежеде ғылыми ақпарат беру, білім беру мекемелерінің оқу бағдарламаларын ескере отырып заманауи қоғам талаптарына сай білім беру мен тәрбие жүйесін қалыптастыру.

Экспозицяда педагогикалық, психологиялық принциптердің қамтылуы келушілердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізетінін, ал, экспозицияға талдау жасау музей ісінің жеке ғылым ретінде қалыптасуында негізгі фактор екендігін айқындайды.

Экспозиция құрылымында түсіндірме мәтінсіз өзіндік ойлау арқылы бейнені елестету үшін қандай мәселелерге айрықша көңіл аудару керектігі нақтыланады.

Әлемдік музейлердің экспозиция құру тәжірибелеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктері саралана отырып, экспозиция құру параметрлері ғылыми айналымға ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30