ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙІНІҢ АРХЕОЛОГИЯ ҚОРЫНДА ЖИЫЛҒАН АЙША-БИБІ КЕСЕНЕСІНІҢ ҚАПТАМАЛАРЫ (ИЗРАЗЦЫ).

##article.authors##

  • Алексей Кулиш
  • Набира Торежанова

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.01.07

Аннотация

Мақалада Тараз қаласы маңында орналасқан Айша бибі кесенесінің қаптамалары (изразцы) қарастырылады. Бүгінгі таңда кесене қаптамаларының мерзімі де кесененің өзінің мерзімделуі секілді даулы болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі археология қорында топталған қаптамалардың бір бөлігін өңдеп, сипаттап анықтағаннан соң оның хронологиясы және құрылыстың декоры ретінде өзіндік элементтері мен қырлары түсінікті болды. Қаптамаларды (изразцы) дайындауда Тараздық жергілікті мектебі моңғол шапқыншылығына дейін, XI-XII ғасырларда қалыптасқан, бірақ кейбір қаптамалардың кейінгі XIII-XIV ғасырларға жататын өзіндік ерекшеліктері бар. Моңғолдар басқыншылығынан кейін де Тараз қаласында сәулет декоры және сәндік элементтерді жасау дәстүрі одан әрі дамыған деп болжауға болады.

Материалдар мен зерттеу әдістері: Мақаладағы зерттеліп отырған материалдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің археология қорындағы Айша биби кесенесінің архитектуралық қаптамалар коллекциясынан. Зерттеудің әдіснамалық негізі тарихтық, объективтік және жүйелі көз қарас принциптері болды, бұл талдау және синтездік әртүрлі әлістерін біріктіруге мүмкіндік берді. Мақалада қойылған міндеттерді шешіу үшін тарихи салыстырмалы, жүйелі анатикалық және стастикалық әдістер қолданылды. 

Автор өмірбаяндары

Алексей Кулиш

Кіші ғылыми қызметкер, Мемлекеттік Эрмитаж (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ-сы). https://orcid.org/0000-0002-7193-6485

Набира Торежанова

Археология бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (050051, Алматы қ-сы, Самал-1/44, Қазақстан). https://orcid.org /0000-0001-6652-6206 E-mail: nabi2nabi@mail.ru

Жарияланды

2023-06-05