ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ

##article.authors##

  • Жанар Таева С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.06.14

Түйінді сөздер:

шығармашылық, зертхана, қолжазба, мұрағат, қарындаш, жәдігер, музей

Аннотация

Аңдатпа. Ғабит Мүсірепов – жазушы, әдебиет сыншы, публицист, драматург, үлкен прозаик – ғалым ретінде қазақ әдебиетінің өте маңызды кезеңін бейнелеп суреттеген, көркем шығармалар жазған, халық өмірінің көркем шежіресі секілді. Ол қазақ халқына кеңінен таңылған сүйікті жазушы шын мәнінде сөз зергері. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі оқырман жүрегіне жол тапқан. Ғабит Мүсіреповтің шығарма жазудағы шеберлігі, мол мұрасы, шығармашылық шеберханасы зерттеген сайын толысып, зерттеуге тұрарлық, жаңа, тың тақырыптар туындататындықтан да жазушының өмір жолы мен шығармашылығы арасындағы байланыс, жазушының шығармашылық зертханасы, жазу тактикасы сынды тақырыптарды зерттеу өзекті болып табылады. Сол себепті мақалада жазушы шығармашылығының өзіндік қырларын айқындау мақсатында оның шығармашылық зертханасын тұтас алып қарастырылды. Олардың ішінде жазушының әр шығармасын жазуындағы өздік салт-әдеттері, стилі, жазу барысындағы жай-күйі, көңіл-қошы, қолданған бұйымдары барлығы жазушының шығармашылық шеберханасынан сыр шертеді. Зерттеулерді қорытындылай келе, бұл күнде музейдің құнды экспонаттары қатарын құрайтын жазушының қолының табы қалған жеке заттарын, кітапханасын жалпы тұтастай шығармашылығын жан-жақты зерттеу қазақ әдебиеті үшін құнды екені дәлелденді. Тақырыпқа сай музей-үйіндегі жәдігерлердің сыры мен тарихының ғылыми маңызы тұжырымдалды.

Автор өмірбаяны

Жанар Таева, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені

«Алматы қаласының музейлер бірлестігіне» қарасты С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30