ҚАЙНАРБҰЛАҚТАН (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН, ШЫМКЕНТ МАҢЫНДА) ТАБЫЛҒАН САСАНИДТЕРДІҢ МОНЕТАЛАР КӨМБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.01Түйінді сөздер:
монета, драхма, көмбе, Сасанидтер, Эфталиттер, Түргештер, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент, VIII ғасырАннотация
Аңдатпа. Қайнарбұлақтағы (Шымкент қаласы маңындағы өңір) ескерткіште археологиялық зерттеу барысында табылған Сасанид императоры Пероздың б.з. 457-484 жж. қайта шекілген күміс драхмалар көмбесінің ашылуы, аймақтағы монета айналымына жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Монеталардың біріне Түргеш қағанатына (б.з. VIII ғ.) тиесілі таңба соғылған, бұл көмбенің қалған монеталары жасалғаннан кейін үш ғасыр өткен соң да айналымда болған деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл Пероз монеталарының және олармен ұқсас түрлердің Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Оңтүстік Азияда айналымындағы рөлі туралы түсінігімізді кеңейтеді. Мақаланың мақсаты – осы көмбедегі монеталарды зерттеу және олардың ерекше белгілеріне байланысты кейбір түсінбеушіліктерді жою.