«БОРЧАЛЫ» ГАЗАХ КІЛЕМІНІҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНЕ КӨРКЕМ-ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.03Түйінді сөздер:
кілем, Әзірбайжан, Газах, Борчалы, Лембелі, медальон, үш бөлікті негіз, ілмек тәрізді элементАннотация
Андатпа. Мақала Әзірбайжан ұлттық кілем музейінің қорында сақталған төрт «Борчалы» кілемдерін зерттеуге арналған. Бұл зерттеудің мақсаты әзірбайжан кілемінің ганжа-газах түріне жататын «Борчалы» кілемінің кейбір түрлерінің негізгі типологиялық ерекшеліктерін көркемдік-техникалық талдау арқылы анықтау болып табылады.
Көркемдік талдаудың басты назары медальонның пішініне, құрылымына және оның элементарлы бірлігіне осы кілемдердің атрибуциясы үшін ең мазмұнды және маңызды бөлігі ретінде аударылды.
Зерттеу барысында тік және төртбұрыш (крест) тәрізді пішіндердің сәйкес медальондарының қолданылуы анықталды. Медальонды құрайтын негізгі ою-өрнек түрлері, сонымен қатар кілем өрісін толтыратын қосалқы негіздер біз зерттеген «Борчалы» кілемінің нұсқаларына ортақ екені анықталды. Сондай-ақ, рамалық медальондарды қалыптастыруда «суреттік қалыптарын көлеңкесіз ұйымдастыру» (СҚКҰ) қағидатын қолдану айтылды. Зерттеу нәтижесінде медальондардың типологиялық белгісін құрайтын бірқатар сипатты белгілер туралы мәліметтер алынды. Медальонның тік құрамдас бөлігі осы кілемнің крест тәрізді медальондарымен салыстырғанда олардың архаикалық сипатын көрсете отырып, зерттелетін медальондардың маңызды тұрақты белгісі болып табылады деген гипотеза алға тартылды. Бұл кілемдердің бояуы қызыл, ақ және көк (және оның реңктері) басым болатын шектеулі түстерден тұратыны анықталды.
Кілемдердің құрылымына техникалық талдау жасау, жалпы алғанда, олардың әдеттегі газах кілемдерінің сипаттамаларына сәйкес келетінін көрсетті.