«ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ» ЖУРНАЛЫ МАҚАЛАЛАРЫНА ЖАЛПЫМАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМА (ҚР МОМ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

##article.authors##

  • Жанна Орынбекова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.07

Түйінді сөздер:

мерзімді баспасөз, әйел теңдігі, қалың мал, сауатсыздықпен күрес, кеңес өкіметі, дереккөз

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорында сақтаулы «Әйел теңдігі» журналының бірнеше санына жалпымазмұндық шолу жасалады. XX ғ. басында Коммунистік партияның саясатын насихаттау, ақпараттық қолдау көрсету қажеттілігінен шығарылған әйелдерге арналған басылымдағы жарияланымдарға талдау жүргізіледі. Өзіндік бағыты, мәні, орны бар бұл басылымның әйелдер мәселесін жалпы саясат, шаруашылық, заң, денсаулық, әдебиет, сауаттылықпен ұштастырып отырғандығы қарастырылады.

Қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны, сауатсыздықты жою, ел ішіндегі ана мен бала өлімін азайту, заң жайындағы және басқа да түйінді сұрақтарды қозғаған мақалалар бөлім бойынша жүйеленіп талданады.

Заман сұранысына сай келелі міндеттерді орындауда әр салаға белсенді араласып, үлгі болған әйел тілшілердің мақалаларынан мысалдар келтірілген.

Мерзімді басылымдағы жарияланымдар қазақ тарихының дерек көзі ретінде сараланған. Қоғамда орын алған, өз кезінде болып жатқан әлеуметтік өзгерістердің қазақ қоғамына әсерін көрсететін жарияланымдардың уақыт өте келе құнды деректердің көзіне айналатындығына ерекше назар аударылған.

Мақалада талдау жүргізілген тақырып бойынша материалдар жинақталған.

Аталған басылым араб әліпбиі қолданылған кезеңде жариялағандықтан, бұл мақала төте жазуды арнайы үйренбеген зерттеушілерге дереккөз іздеуде көмекші болады.

Жарияланды

2024-09-30