Мұрағаттар

  • Ғылыми-практикалық журнал MUSEUM.KZ
    Том 1 № 1 (2023)

    MUSEUM.KZ – мұражайтану, мұражай ісі, мәдени мұра нысандарын қорғау, тарих, деректану, археология, нумизматика, этнология, өнертану, мәдениеттану және мәдениет тарихының өзекті мәселелеріне арналған рецензияланған ғылыми-тәжірибелік журнал. Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бұрын жарияланбаған түпнұсқа ғылыми еңбектерді жариялайды. Редакцияға жариялауға жіберілген ғылыми жұмыстар плагиатқа тексеріледі. Плагиат анықталса, жұмыс қосымша қарауға қабылданбайды. Журналда келіп түскен құжаттарды қарастыратын тәуелсіз институт бар. Журналдың редакциялық алқасының құрамына белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді. Журналдың редакциялық алқасы өз қызметінде Жариялану этикасы бойынша Халықаралық Жариялану этикасы комитеті – COPE әзірлеген қағидаттарды, сондай-ақ Scopus (Elsevier) журналдарын жариялаудың этикалық принциптерін басшылыққа алады. MUSEUM.KZ журналының саясатының негізі – басылымның авторлар мен оқырмандар үшін ашықтығы қағидасы.

    Журналдың тағы бір бірегейлігі арнайы «AR» бағдарламасы әзірленді.

    Мақалаларды қайта бастырып жариялағанда, микрофильмге және басқа да көшірмелерге түсіргенде міндетті түрде журналға сілтеме жасау қажет.

    Журнал редакциясы мақаланың жарияланғандығынан келуі мүмкін зиян үшін авторлар немесе өзге тұлғалар мен мекемелер алдында өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды.

  • On the cover – artifacts from the archaeological collection of the Central State Museum of the Republic of Kazakhstan

    Ғылыми-практикалық журнал MUSEUM.KZ
    Том 1 № 2 (2023)

    «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»

    атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ

    Алматы, 22 желтоқсан 2022 ж.

    (Мұқабада – ҚР МОМ археологиялық коллекциясындағы артефактлер)

  • Ғылыми-практикалық журнал MUSEUM.KZ
    Том 1 № 4 (2023)

    «IV Арғынбаев оқулары. Тарих, этнография және музейтану өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы»

    МАТЕРИАЛДАРЫ

    (І-бөлім)