АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ А. МҰРАТОВТЫҢ ЖЕКЕ КОЛЛЕКЦИЯСЫ

##article.authors##

  • Нұрсәуле Сансызбай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.09

Түйінді сөздер:

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, коллекция, экспозиция, ағаш бұйымдары, архитектура

Аннотация

Аңдатпа. Мақала әйгілі қолөнер шебері А. Мұратовтың Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жинақталған мұрасына және шебердің қазақ халқының дәстүрлі жиһаз жасау өнеріне енгізген жаңашылдығына арналған.

Алматы қаласының алғашқы сәулет ғимараттарының бірі – Абай атындағы Опера және балет театрын салған атақты сәулетші Т. Басеновтың шақыруымен А. Мұратов осы ғимараттың безендірілуіне қатысады, онда шебердің қолжазбасы мен танымал стилі әсем үйлесім тапқан. 1945 жылы А. Мұратов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. Артында қолөнерімен бай мұра қалдырған адамның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.

А. Мұратовтың ағаштан үй жиһаздары сандық, кебеже, жүкаяқ, асадал жасау кезінде «қазмойын», «түйетабан» және «құсқанат» сияқты өсімдік элементіндегі және геометриялық фигуралармен оюланып, бедерленгендігі, оған қанық түсті бояуларды қолдануы оны басқа шеберлерден ерекшелендіреді. Мақалада А. Мұратовтың ұлттық пішіндегі жиһаздар жасауда, оларды безендіруде ұлттық оюдың желісін пайдалануының маңыздылығы бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырылған. Қолөнер шебері А. Мұратов көшпелі өмірге ыңғайланып жасалған ұлттық жиһаздарды отырықшылық мәдениетке үйлестірудің өзіндік стилін құру арқылы қазақ халқының қолөнеріне бай мұра қалдырған. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30