«САРАЙШЫҚ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.10Түйінді сөздер:
Сарайшық, музей, этнография, жәдігер, кебеже, рухани мұраАннотация
Аңдатпа. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Атырау облысындағы туристер көп келетін мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. 1999 жылы «Сарайшық» музей-қорығы ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 200-ден аса жәдігер болған.Қазіргі таңда музей-қорық қорында 5093 заттай жәдігерлер бар. Олар: археологиялық, этнографиялық, фото-архивтік құжаттар, нумизматикалық және көркем сурет жәдігерлер болып бес ғылыми классификациялық топқа жіктелген. Олардың көпшілігі түпнұсқа болғандықтан өте құнды және қайталанбайтын туындылар болып табылады.
Мақалада «Сарайшық» музей-қорығы топтамасындағы этнографиялық жәдіргерлер қатарында ауыл тұрғыны Л. Жанғұтованың тапсырған кебежесі, жастық ағашы, алаша тоқитын өрмек ағашы және Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылының тұрғыны А. Молдағалиеваның тапсырған үлдірігіне сипаттама берілген. «Сарайшық» музей-қорық қорындағы этнографиялық жәдігерлердің негізгі түсім бұл республикада облыс көлемінде ұйымдастырылған «Музейге сый» акциясы барысында қабылданған.