ЖАСАНДЫ ҚҰРАЛ ҚАҚПАН ЖӘНЕ ҚАҚПАНМЕН АҢ АУЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.11Түйінді сөздер:
жасанды құрал, қақпан, аң аулау, тарихи-мәдени орталық, музей, қор, музей жәдігеріАннотация
Аңдатпа. Түркі халықтары арасында қазақтың материалдық және материалдық емес мұралары қатарында аң аулау, қақпан құру және қақпанмен аң аулауды қарастыру өз алдына болса да, зор маңызға ие. Еліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі тұрмысында аң аулау мәдениеті жоғары деңгейде болды десек, артық айтқандық болмас. Аң қағудың қалыптасу тарихы тас дәуіріндегі алғашқы қауымдық құрлыстан бастау алады және оның дамуында түрлі кезеңдер болды. Сөзіміздің айғағы үңгір қабырғалары, жартастың күнгей тегістік беттерінде бәдіздей бейнеленген бедерлі суреттер аңшылықты зерттеудегі басты дерек көзі негізінде зерттеушілер назарын аударғаны сөзсіз. Аңшылықтың қалыптасуы мен аңшылық құралдың даму кезеңдері, оның тарихын зерттеушілер түрліше мақсатта қарастырса да, ел жадында сақталған аңшылық саят құру аясында, бүгінде ермекке айналғандай көрінеді. Мақалада автор аңшылықтың ел тарихындағы маңызын қарастырады. Аңшылық тарихын арнайы зерттеген ғалымдар бірнеше кезеңге бөліп қарастырған болса, автор аңшылықпен қатар жасанды құрал негізінде басты назарды қақпанмен аң аулауға аударады.
Мақалада тарихи-мәдени Орталықтың («Атамекен» тарихи-мәдени орталығы) қор жинағының қалыптасуы, зерттеу нысаны ретінде нақты жәдігердің музей қызметінде танымды арттыратын заттай құндылық етіп қарастыру призмасы арқылы еліміздің музейлік қорларындағы аңшылық жасанды құралдың аңшылықтағы әлеуетін, оның дамуы тарихымен байланысты тарихи мән-маңызы нақтыланады. Ұсынылып отырған зерттеу Орталықтың қорына өткізілген «жасанды құрал қақпанды» зерделеу аясында жазылды.