ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ДӘСТҮРІНДЕГІ ОЮ-ӨРНЕК ӨНЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.12Түйінді сөздер:
ою-өрнек, сәндік-қолданбалы өнер, дәстүр, мәдениетАннотация
Аңдатпа. Мақалада ою-өрнек этномәдени дәстүрлерді сақтаудың факторы ретінде, оның қазақ тарихының элементі ретінде танымал болуы, оның түрленуі мен бүгінгі күні қолданылуы қарастырылады. Автор мәселенің тарихнамасын келтіріп, ою-өрнек өнеріне арналған ғылыми зерттеу еңбектерін атайды және кей жағдайда осы шығармаларға қатысты өз пікірлерін білдіреді.
Қорытындылай келе, автор ою-өрнекті қазақ халқының дәстүрлі этномәдени мұрасын сақтаудың факторы ретінде пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетеді. Автордың пікірінше, дәстүрлі ою-өрнек шығарманың сыртқы формасының міндетті құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге оның әсерін шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне тарата отырып, оларды көркем мәдениет кеңістігінде біріктіреді, олардың ұғымдары барынша толыққанды, дәйекті және тұрақтылықты білдіреді.