ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТЕАТР ӨНЕРІ: ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

##article.authors##

  • Жания Хасиетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0003-4119-6919
  • Зухра Исмагамбетова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.07.14

Түйінді сөздер:

сабақтастық, түрік театрлары, қазақ театрлары, театр дәстүрлері, мәдени байланыстар, бейімделу, трансформация

Аннотация

Аңдатпа.Мақалада ұлттық бірегейлікті әспеттейтін бірден бір мәдени орта театр болғандықтан,Қазақстан мен Түркияның театр өнерін салыстырып,  ұлттық құндылықтар мен ұлттық бірегейлікті бейнелейтін театр символдары мен құралдарын айғақтадық. Сонымен қатар, екі елдің театрлары арасындағы сабақтастық зерттеліп, салыстырмалы талдау жүргізілді. Қазақстан мен Түркияның дәстүрлі театр өнерінің шығу тарихы мен ерекшеліктері талданып, олардың түрлері жанр бойынша бөлініп қарастырылды. Атап айтқанда, «қаракөз», «медда», «орта ойыны», «комедия», «трагедия», «драма», «sound драма» сынды қойылымдардың жанрлық түрлеріне талдау жүргізілді.

Ғылыми мақала қазақ театры мен түрік театр элементтерінің ортақ ерекшеліктерін анықтау, бейімдеу және трансформациялауды мақсат етеді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қазақ және түрік театр өнерінің бір-бірімен мәдени және ұлттық сабақтастықтары айқындалып, театр өнері әлеуметтік институт ретінде ұлттық бірегейлікті әспеттейтін орта ретінде сараланды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы екі ел арасындағы мәдениеттер мен театр дәстүрлерінің өзара әрекеттесуін түсінуді кеңейтуге қызығушылық тудырды.

Жарияланды

2024-09-30