ХАЛЕЛ АРҒЫНБАЕВТЫҢ СТОЛЫПИННЫҢ АГРАРЛЫҚ РЕФОРМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛТЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІНЕ ӘСЕРІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.06Түйінді сөздер:
Жер учаскелері, қоныс аудару, шаруа қожалықтары, облыс, жайылымдар, өлкетану, округ, музейАннотация
Аңдатпа. Халел Арғынбаев (1924-1998) – Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы, ғалым-этнограф, Қазақстанда этнографиялық ғылымның дамуына зор үлес қосқан тарихшы. Өзінің «Историко-культурные связи русского и казахского народов и их влияние на материальную культуру казахов в середине XIX и начале XX веков» атты еңбегінде осы тарихи кезеңде қазақ қоғамында орын алған жаңалықтардың салдарын ашып көрсетті.
Қазақстанда Столыпиннің аграрлық реформасының жүзеге асырылуы туралы айта отырып, көп жағдайда биліктің жергілікті халықтың мүдделері мен құқықтарын ескермегенін де айту керек. Өйткені, қоныс аударушылар жергілікті тұрғындардан тартып алынған жерлерді иеленді. Оның үстіне сонау ертеден қоныстанған қазақтарды ең шұрайлы жерлерін тәркілеп, оларды егіншілікке, мал шаруашылығына жарамсыз жерлерге қоныстандырды.
Х.Арғынбаевтың қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы зерттеулері бүгінгі күні де өзекті. Мақалада Столыпин реформасы мен патшалық Ресейдің қоныс аудару саясатынан кейінгі қазақ халқының экономикалық жағдайындағы өзгерістер және халықтың сандық пен ұлттық құрамын өзгерткен миграциялық үрдістер сипатталған. Сонымен қатар, қазақ жерін империялық Ресейдің отарлауы нәтижесінде қазақтар шөп шабуды, қыста малға жем дайындауды үйреніп, қазақ даласына қоныстанған казак әскерлерімен жергілікті қазақтар арасында сауда-экономикалық байланыстар сол кездегі қажеттіліктен туындаған. Автор қала мәдениеті мен көшпеліліктің қарқынды дамуымен қатар жергілікті кітапханалар мен музейлердің ашылу тарихына да назар аударған.