ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫ АЛАҚАН МЕН САУСАҚ ӨРНЕКТЕРІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.08.08Түйінді сөздер:
дерматоглифика, дельта индексі, Камминс индексі, білік үшбұрышы, гипотенар өрнегі, комплекс, алақан, саусақ өрнектері, корреляция, шығыстық комплекс, полигонАннотация
Аңдатпа. Қазіргі заманда алақан мен саусақ өрнектерінің анықтамаларының нәтижелері физикалық антропологияда ерекше бағаланады. Өйткені дерматоглификалық анықтамалар адамдардың этногенетикалық процестері туралы өте құнды мағлұмат береді. Мақалада қазақтардың дерматоглификалық анықтамаларына кешенді талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау барысында қазақтарды субэтникалық, аймақтық топтарға жүйеленді. Зерттеу нәтижелері субэтникалық топтар (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) арасында айырмашылықтың аздығы байқалады. Кіші жүз өкілдерінде моңғолоидық элементтердің төмендігі, бірақ ол статистикалық дәрежеде нақтылы дәлелденбейді. Сонымен қатар аймақтық топтар (шығыс, солтүстік, батыс, орталық, оңтүстік) арасында өзгешеліктердің төмендігі анықталды. Басқа аймақтарға қарағанда, орталық өңірдің қазақтарында шығыстық комплекстің төмен екені аңықталды. Қазақтардың этнодерматоглификалық ерекшеліктері, анықтамалардың географиялық таралымы, гомогендігі олардың этногенетикалық даму сатысының тарихи қалыптасуын айғақтайды. көрсетеді.