А.В. АНОХИН АТЫНДАҒЫ АЛТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ КИІМІ - ЧЕГЕДЕКТЕР КОЛЛЕКЦИЯСЫ
##semicolon##
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.09.03##semicolon##
алтайлықтар чегедегі##common.commaListSeparator## хакастардың##common.commaListSeparator## буряттардың##common.commaListSeparator## қалмақтардың##common.commaListSeparator## моңғолдардың чегедектері##common.commaListSeparator## музей қорлары##common.commaListSeparator## аққу туралы аңыз##common.commaListSeparator## Алтай Республикасының Ұлттық музейінің қорларындағы чегедектер коллекциясы##common.commaListSeparator## суретшілер Г.И. Гуркин##common.commaListSeparator## И.В. Титковтың этнографиялық суреттері##article.abstract##
Аңдатпа. Алтай Республикасының Ұлттық музейінің қорындағы чегедектер коллекциясын пайдаланып, Алтай әйелінің дәстүрлі киімін қалпына келтіру. Чегедек – түркі-моңғол әлемінің көшпелі бөлігінен шыққан әйелдердің символикалық киімі. Чегедектің аққу жүнінен шыққаны туралы аңыз. Тұрмыстағы алтайлық әйелдің үйлену тойындағы заманауи киімі. Чегедекті безендіру тәсілдері. Чегедектің арнайы көп қабатты астары болғандықтан, ол ауыр, сондықтан ол күнделікті пайдаланудан шыққан. Бірақ ол көшпенділердің салт-дәстүрінде қолөнер мәдениетінің нышаны болып қала бермек. Чегедек киімін кейбір зерттеушілер ауыз әдебиеті жанрындағы бурят шежірелік аңызындағы көк тәңірге табынушылықпен байланыстырса, басқа зерттеушілер оны қырғыз халқының ауыз әдебиетіндегі сұлу арумен байланыстыра зерттеген. Ұлттық киімдер ғасырлар бойы қалыптасып ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігіне айналды. Бүгінгі таңда чегедекті Алтайдың ұлттық киімдері қатарынан кездестіруге болады және ол жергілікті ұлттық киім тігетін шеберханаларға тапсырыс беру арқылы қолжетімді. Мақалада чегедек тек күнделікті киім үлгісі ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру салтына, ауа райына, әлеуметтік жағдайына байланысты қалыптасқан қолөнер туындысы екені тұрғысынан қарастырылған.