ЗАМАНУИ МУЗЕЙЛЕРДІҢ ВИЗУАЛДЫ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛЕНУДЕГІ РЕПРЕЗЕНТАТИВТІК РӨЛІ
##semicolon##
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.09.05##semicolon##
музей##common.commaListSeparator## көрнекі стратегиялар##common.commaListSeparator## заманауи технологиялар##common.commaListSeparator## сәйкестілік##common.commaListSeparator## метанарратив##common.commaListSeparator## көрнекі зерттеу##common.commaListSeparator## ұлттық-мемлекеттік парадигма##article.abstract##
Аңдатпа. Бүгінгі күні музей жәдігерлер қоймасы ғана емес, тұтас, қарқынды дамып, үнемі өзгеріп отыратын мәдени кеңістік. Бұл мәдени кеңістікті ұйымдастыруда көрнекі стратегиялар (музей кеңістігін жобалау) маңызды орын алады, бұл біздің ойымызша, ұлттық бірегейлікті бейнелеу әселелерінде маңызды рөл атқаруы тиіс.
Бұл мақалада автор бірқатар белгілі музейлерді мысалға ала отырып, музей кеңістігін визуализациялаудың заманауи тенденцияларын ашып көрсетуге және олардың көптеген келушілер арасында мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін негіздеуге тырысады.
Дүние жүзіндегі көптеген музейлер әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған кеңістікті жобалаудың бірқатар принциптерін қолданатыны анықталды. Ең алдымен, қызықты көрнекі әсерлер мен терең мазмұнды үйлестіре аудиторияның қажеттіліктерін ескере отырып, музей кеңістігін мұқият жоспарлауды қамтиды. Мұнда маңызды орынды «кеңістік психологиясы» сияқты концепция алады, ол жайлы ортаны құруды ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің әртүрлі аспектілерін білдіретін мазмұнның инклюзивті визуалды интерпретациясын ұйымдастыруға ұмтылуды білдіреді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген кураторлар мен дизайнерлер мазмұнды терең мағыналы ететін және белгілі бір елдің белгілі ұлттық-мемлекеттік парадигмасын нығайтуға ықпал ететін мета және микронарративті әзірлеуге ұмтылады.