АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

##article.authors##

  • Әбілсейіт Мұқтар «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
  • Амангелді Жумабаев «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.02

Түйінді сөздер:

Алтын Орда, Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти, Таскешу, Ұшқан, Қарағайлы, Ащысай, Күліш керуен-сарайы

Аннотация

Аңдатпа. Мақала Атырау өлкесіндегі Алтын Орда дәуірінің тарихи-мәдени ескерткіштері және олардың зерттелуіне арналған. Бүгінде елімізде тарихи-мәдени мұраларды сақтау, оларды қорғау, насихаттау және зерттеу барысында үлкен көлемді жұмыстар жүріп жатыр. Басты мақсат ата-бабамыздың бай мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу және өзіндік болмысын сақтау болып табылады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Атырау облысының 4 тарихи және мәдени ескерткіштеріне республикалық маңызы бар ескерткіш статусы берілген: 1943-1948 жылдары салынған Мұнайшылар тұратын қалашығы (Ансамбль мен кешен), 1880-1898 жылдары қаланған Жұбан кесенесі (Қала құрылысы және сәулет), Ақын, 1836–1838 жылдардағы көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісовтің жерленген орны (киелі нысан), ХІІІ–ХVІ ғасырлардағы ортағасырлық Сарайшық қаласы (археология). Облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында алтынордалық мұралар лайықты орын алады. Оларға Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти, Ұшқан қалалары мен Таскешу керуен-сарайы жатады. Жақында олардың қатарына «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғалымдарымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген және экспедициялық ізденістер жасалған Қарағайлы, Ащысай қалашықтары, Күліш керуен-сарайы қосылды.

Жарияланды

2025-06-30