АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.03Түйінді сөздер:
білім, ғылым, мектеп, колледж, университет, Атырау, медресеАннотация
Аңдатпа. Мақалада Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласының білім және ғылым саласының даму тарихы баяндалған. Бұл өңірде алғашқы мектептер XIX ғасырдың екінші жартысында ашылды, ал ХХ ғасырда Атырау қаласы білім және ғылым орталығына айнала бастады. Мұнда орта мектептер мен жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары мен зертханалар ашылып, білім беру жүйесінің сапасы артты. Сонымен қатар, қаланың индустриализациялануы білім беру саласының дамуына үлкен ықпал етті. Атырау қаласының ғылыми әлеуеті мұнай және газ өнеркәсібі саласында да айқын көрінеді. Ғылыми-зерттеу институттар мен тәжірибелік лабораториялар мұнай-газ саласындағы жаңа технологияларды дамытуға бағытталған. Бүгінде Атырау қаласында білім беру мен ғылыми зерттеу саласы қарқынды даму үстінде, көптеген жастар өз білімдерін шыңдап, әлемдік деңгейде білім алып, ғылым саласында табысты нәтижелер көрсетуде. Білім мен ғылым ұлттың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Олар тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да дамуына ықпал етеді. Білім беру жүйесі сапалы болған кезде, ұлттың интеллектуалдық деңгейі көтеріледі, жаңа идеялар мен инновациялар туындайды. Ғылым арқылы жаңа технологиялар мен әдістер әзірленіп, өндірістік, медициналық және басқа да салалардағы жетістіктер артады. Ғылым арқылы жаңа технологиялар мен жетістіктер енгізіліп, экономика мен өндіріс салаларында ілгерілеу орын алады. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаһандық аренада өз орнын табуына мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі – ғылым мен білімнің дамуы.