АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ӘНШІ ӘЛИ ҚҰРМАНОВТЫҢ ҚҰЖАТТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ

##article.authors##

  • Майра Сулейменова Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.10.08

Түйінді сөздер:

Али Құрманов, ән, өнер, фотоқұжаттар, естелік құжаттар, тарих, музей, экспозиция

Аннотация

 

Аңдатпа. Мақала өзіндік әншілік дауысымен, әртістік қабілетімен, ән орындаудағы ерекше шеберлігімен, қазақ халқының мәдениеті мен өнері саласында өзіндік орны бар әнші Әли Құрманов жайында болмақ. Әншінің ән және өнер саласындағы жеткен жетістіктері, мәдениет саласындағы алар орны жайында айтылмақ.

Әли Құрманов репертуарында «Әлди-ау», «Сусар-ай», «Молдабай», «Сүмбіл шаш», «Он алты қыз» тәрізді халық әндері, термелер, қазақ композиторларының әндері мен желдірмелері болды. Ол А. Жұбановтың «Сары» пьесасындағы Қабыл ақынның ролін сомдаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік-Батыс майдан жауынгерлерінде концерт көрсетті. Мұхиттың, Қызылдың, Батақтың Сарысының әндері, Қаршығалы жыршының әндерін орындады болды. Қазақ өнерін кеңінен насихаттады.

Әншінің жеке орындауында Боранбайұлы Сарышолақтың 20-ға жуық ән-толғаулары, «Тұлға», «Би ағаңдікі ақыл», «Біле алмадым», «Ұлы құм», «Үкіңнен айналайын ырғақтаған», «Тілеу-Қабақ», «Көкіл қыз», «Ат міндім моншақтаған», «Мамық қыз», «Сәлем айтты бауырың» әндері болды. Сонымен қатар жыр мен қазақтың шежіресін де айтқан.

Әнші Али Құрманов қазақ әндерін нақышына келтіре орындай отырып, қазақ өнерін төрткүл дүниеге насихаттау жолында зор еңбек еткен. Атап айтсақ гастрольдік сапарлармен жүріп, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Қарақалпақстанда, Мәскеуде де қазақтың ән-жырларын тыңдаушыларға таныстырудан жалықпады. Қазақ өнерін әлемге танытуда аянбай еткен еңбегінің нәтижесінде ол «Қазақ ССР-інің Еңбек сіңірген артисі» атағымен марапатталды.

Жарияланды

2025-06-30