АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫНДАҒЫ ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ

##article.authors##

  • Бахтияр Нұрпейсов Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.11.04

Түйінді сөздер:

Әбілхан Қастеев, өнертану, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, бейнелеу өнері, музей қоры, мәдени мұра

Аннотация

Мақалада облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі болып табылатының Әбілхан Қастеевтің туындылары қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі өңірлік музейлер қорларындағы суретшінің туындыларын жүйелеу және дәріптеу арқылы қазақтың көркем сурет өнерінің зерттелуіне үлес қосу. Мақаланың мақсаты – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұрған Ә. Қастеевтың екі сурет туындысына өнертанулық талдау жасау. Олар «Махамбет Өтемісов» суреті (1951 ж.) және «М.И. Калинин Н. Байғанинге «Құрмет белгісі» орденін табыстау кезіндегі суреті (1961 ж.). Негізінен туындылардың композициялық шешімі, көркемдік стилі, тақырыбы және картиналардың музей экспозициясындағы орны қарастырылады. Туындылар көркем шығарма ретінде ғана емес, сонымен қатар өз заманының әлеуметтік, мәдени және саяси болмысын сипаттайтын тарихи жадының құнды дереккөздері ретінде қарастырылды. Ерекше назар суретшінің суреттерінде кеңестік реализм белгілерінің ұлттық дүниетаным элементтерімен, өзіндік колоритімен және сюжеттік бейнелілігімен үйлесім тапқанына аударылды.

Зерттеу барысында алынған тұжырымдар Ә. Қастеев туындыларын аймақтық музейлер қорында сақтау мен дәріптеудің қазақ өнері мен тарихын танудағы ерекше маңызын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері қазақ халқының мәдени мұрасын және өнерін зерттеумен айналысатын өнертанушылар, тарихшылар, музей қызметкерлері үшін маңызды болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30