ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ТІЛДІК ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «СЕНІМ» ЖӘНЕ «БІЛІМ» КОНЦЕПЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2025.11.11Түйінді сөздер:
мәдени-философиялық парадигма, лингвофилософия, лингвомәдениеттану, аксиология, «Сенім» және «Білім» концептілері, тілдік дүниетанымАннотация
Ғылыми мақала лингвофилософиялық және лингвомәдениет концептілері қарастырылып, түркі мәдениетінің тұрақты белгілеріне, «Сенім» және «Білім» ұғымдары мен олардың қызмет ету ерекшеліктерін түркі ренессансы дәуіріндегі әдеби ескерткіштерге сүйене отырып, жан-жақты талдауға арналған. Концептуалды талдауға негізделген мақалада мазмұны түркі рухани мәдениетінің «өзегін» құрайтын Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Ахмет Йүгнеки, Ахмет Яассауи ақын-философтары бейнелеген дүниенің тілдік бейнесі берілген.
Бұл зерттеуде өркениеттік іргетасы тәңіршілдік болып табылатын көне түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетінің рухани-діни негіздерін талдауға басымдық берілген. Біріншіден, көне түркі өркениетінің рухани-мәдени негіздерін зерттеуге қатысты философиялық-әдіснамалық мәселелерді тереңірек қарастыру; екіншіден, тәңіршілдік пен басқа діни жүйелердің өзара байланысын талдау; үшіншіден, көне түркі әдеби ескерткіштерін, сондай-ақ түркі тілдес халықтардың рухани мәдениетінің негізін қалаған түркі ақындары мен ойшылдарының шығармашылығы түркі халықтары мәдениетінің бастауларын қалпына келтіруге кешенді түрде қарау қажеттілігімен шартталған.
«Сенім» және «Білім» ұғымдары тұлғаның тілдік дүниетанымы мен ішкі, рухани өмірінің рухани-адамгершілік және этикалық-этикалық өлшемдерінің күрделі жүйесін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл құбылыстар, әсіресе, диахрондық аспектілері жағынан лингвистикалық философия аясында әлі жеткілікті түрде қамтылмаған және әрі қарай жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
 
						 
							



