ШЫҢҒЫС ХАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ МЕН МІНЕЗДЕРІ

##article.authors##

  • Клара Хафизова Международный центр сближения культур

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.01

Түйінді сөздер:

тәрбие, көшпенділер, Шыңғыс хан, Бөрте, Өэлүн әже, Жошы, Шағатай, Өгедей, Толуй балалары, аталық, мінез

Аннотация

Аңдатпа. Шыңғыс ханның отбасында балаларды тәрбиелеу мәселесі үлкен ғылыми және практикалық педагогикалық қызығушылық тудырады. Зерттеуде қоңырат руынан шыққан Шыңғыс ханның үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлдың Жошы, Шағатай, Өгедей, Толуйдың тәрбиеленуі қарастырылады. Олардың барлығы Моңғол империясының құрылуына, Еуразия кеңістігінің тарихына елеулі үлес қосты, бірақ олардың жеке қабілеттері, білім алуға бейімділігі, бір оқиғаға реакциясы әртүрлі болған. Шыңғыс хан балалары туралы шежірелік және мифтік жанрдағы дерек көздерден қысқаша мәліметтер ала аламыз. Шыңғыс ханның өз балаларына қояған талаптары өте жоғары болды, ол балаларынан тіл алғыш ұлдарды, ержүрек жауынгерлерді, өзіне адал қызметкерлерді, болашақтағы елдің жақсы билеушілерін көргісі келді.

Мақалаға материалдар қытай транслитерациясында «Юань чао би ши» (元朝秘史 – «Юань әулетінің құпия тарихы», моңғол тілінде – «Монголын нууц товчоо») атымен белгілі Шыңғыс ханның отбасы, шежіресі туралы ең маңызды шығармадан алынды. Шығарма 2008 ж. Шанхайда түпнұсқа атауымен 蒙古秘史》上海:古籍出版社出版的图书 қайта басылып шыққан. Бұл эпикалық шығарманың «Моңғолдардың құпия тарихы (Қысқаша - МҚТ), «Моңғолдардың сырлы тарихы» (Қысқаша – МСТ), «Моңғолдар тарихы» деген өзге аттары бар. «Құпия» атауы қытайдың 秘 mi – құпия иероглифінің аудармасы мен мағынасынан туындаған. Алайда бұл иероглифтің басқаша да оқылуы бар – «bi», «bishi», моңғол тіліндегі «бичиг» (ескі моңғол тілінде әріп, әліппе) деген сөздің транслитерациясы болуы да ықтимал. Бұл қолжазбаның түпнұсқасы осы «бичиг» арқылы жазылғанын меңзеп тұруы да мүмкін және шығарманы жай ғана «баяндау» деп түсінуге де болады. Жұмыста сілтемелер С.А. Козиннің (1879-1956) «Моңғолдардың сырлы тарихы» (Қысқаша – МСТ) аудармасы бойынша берілді. С.А. Козин бұл көрнекті жазба ескерткіштің моңғол және түркі көшпелілері үшін қасиетті мәнін түсініп, оны «Сырлы тарих» деп атаған. Алайда Н.Ц. Мункуевтің (1922-1986) пікірінше, оның аударма стилі эпикалық емес. Ол Сібір халықтарының аңыздарын еске түсіреді. Қолжазбаның атауы сырттан берілген. Мақалада автор Б.И. Панкратовтың 1963 жылғы «Шығыс халықтарының мәдени ескерткіштері сериясында» жариялаған «Моңғолдардың сырлы тарихы» мәтініне сүйенеді. Сонымен қатар, бұл мәтін шығарманың басқа тілдерде, әртүрлі уақытта жарияланған аудармалармен және басылымдармен салыстырылды.

Сілтеме жасау үшін: Хафизова К.Ш. Шыңғыс хан балаларының тәрбиесі мен мінездері //MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 5-15 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.01

Жарияланды

2023-07-23