ШЫҢҒЫСХАН ҰРПАҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АТАЛУ МӘСЕЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.02Түйінді сөздер:
Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ұлығ ұлыс, Тоқтамыс, Тахт елі, Қазақ хандығыАннотация
Аңдатпа. Мақалада автор Шыңғыс мемлекеттерінің атаулары мәселесіне назар аударады.
Зерттеуге негіз болған материалдар мұсылман авторларының ортағасырлық тарихи жазбаларынан алынған мәліметтер, мұрағат құжаттарынан алынған деректер, ғылыми зерттеулердің нәтижелері болды.
Жұмыс барысында автор соңғы жылдардағы тарихнамада Ұлұғ Ұлус атауын бірқатар зерттеушілер Алтын Орданың төл атауы ретінде қолданып жүргенін, бірақ бұл атауды Тоқтамыс ханның тұсына дейінгі Алтын Ордаға қатысты қолдануды негізсіз деп санайды. Тек 1380 жылдары Тоқтамыс хан Ұлұғ Ұлұс (Үлуг Улус) атауын алады, өйткені осы уақытта дейін Бату ұрпақтары мемлекеті ғана емес, сонымен бірге Шыңғыс хан ұрпақтарының барлық иелігінде дәрежесі үлкен саналған мемлекет – Юань империясы да жойылған еді.
Тоқтамыс хан мен оның ұлдарының Біріккен Жошы мемлекеті ыдырағаннан кейін үлкендік дәрежесі Нұғман үйіне өтеді («Номоған» – «Номоған жұрты» деп орыс деректерінде бұрмаланған). Кейінірек үлкендік дәрежесі Нұғман үйі мен оның мұрагері «Тахт Елі» – «Үлкен Ордадан» Қырым хандығына өтеді.
Батыстағы көршілес Ноғай Ордасы жағынан, Жайық пен Жем өзендерінің шығысындағы жер «Орыс ханның жұрты», кейінірек Ұрыс ханның ісін жалғастырушы Барақ хан есімімен «Барақ хан жұрты» деген атау алды. Бұл атауларды біріктіріп мәскеулік хатшылар – «Орыс хан мен Барақ ханның қазақ жұрты» («Урус ханов и Барак ханов казацкий юрт») деп жазған. Қазақ хандығының бұл тұрақты атаулары XVI ғасыр 30-80 жылдардағы Ноғай Ордасы мен Мәскеу мемлекетінің дипломатиялық хаттарында кездеседі. Мәскеу құжаттарында XVI-XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы тұрақты түрде «Казацкая Орда» аталады.
Сілтеме жасау үшін: Исин А.И. Шыңғысхан ұрпақтары мемлекеттерінің аталу мәселесі //
MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 16-21 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.02