ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА РЕТІНДЕ

##article.authors##

  • Баршагүл Исабек Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-1470-8945

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.09

Түйінді сөздер:

ұлттық мәдениет, дәстүрлі өнер, көне музыкалық аспаптар, фольклорлық-этнографиялық ансамбль, халық биі, қазақ халық музыкалық аспаптар музейі

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібектің қазақ халқының ұлттық мәдениетін жаңғыртудағы және дәстүрлі өнерін сақтау мен дәріптеудегі қайраткерлік қызметі талданады. Зерттеуде оның қазақ халқының көне музыкалық аспаптарын қайта тірілту, «ұмыт қалған» халық билерін жаңғырту, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерді ұйымдастыру, қазақтың ұлттық киім үлгілерін жасау, қазақ  халық музыкалық аспаптар музейін ұйымдастыру бағытындағы ұйымдастырушылық және ғылыми-ізденушілік жұмыстары жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, мақалада қайраткердің ұлттық мәдениетті заман талабына сай дамытуды көздеген көзқарасы мен ұлттық мұраның мәдени саясат және жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін маңызы айқындалады. Өзбекәлі Жәнібектің тұлғалық болмысы – ұлт мәдениетін жаңғырту миссиясымен біте қайнасқан, ұлтқа жанкештілікпен қызмет етудің өнегелі үлгісі ретінде бағалануы тиіс. Бұл – оның елге деген қызметін жай ғана тарихи факт ретінде емес, бүгінгі мәдени саясат пен ұлттық тәрбие үшін өнегелік үлгісі ретінде тануға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуде оның тек дәстүрлі музыка мен фольклорлық ансамбльдерді құрудағы, көне музыкалық аспаптарды, би өнерін, қазақ киімдерін жаңғыртудағы жасаған өнегелі істері ғана талқыланады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31