ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ

##article.authors##

  • Гульжан Сугирбаева Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0003-3375-3757
  • Эльмира Оразбаева Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-3277-0304

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.10

Түйінді сөздер:

этнограф-ғалым, қоғам қайраткері, мәдениет министрі, театр, ескерткіш, музей, білім

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің мемлекеттік және қоғамдық қызметінің негізгі бағыттары мен тарихи маңызы, мәдени саясатты қалыптастырудағы рөлі, ұлттық мұраны жаңғыртуға қосқан үлесі және идеологиялық-ұйымдастырушылық қызметі деректік материалдар мен ғылыми әдебиеттер негізінде қарастырылады. Сонымен бірге мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің мәдениет саласындағы басқарушылық тәжірибесі, дәстүрлі өнер мен тарихи ескерткіштерді қорғау бастамалары мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін арттырудағы өнегелі істерінің маңыздылығы жаңа көзқарас тұрғысынан талданған. Зерттеуде Өзбекәлі Жәнібековтің Алаш ардақтыларының есімдерін халыққа қайта оралтуға атсалысқандығы және осы негізде қазақ жастарын оқу-білімге шақыру жолында қазақ халқының келешегі үшін атқарған қызметтері сараланған. Мақалада қазақ мәдениетін жаңғырту жолында тарихымыздан сыр шертетін ескерткіштерді қалпына келтірудегі, елімізде музей ісін қалыптастырудағы, Наурыз мейрамын қайта жаңғыруына, қазақ халықтық ән-би өнерін дәріптеу үшін фольклорлық ансамбльдер ашудағы  қажырлы еңбегі мен үлгі-өнегесі туралы айтылады.

Жарияланды

2026-03-31