РОЛЬ ТРАВ И СПЕЦИЙ В ТУРЕЦКОЙ КУХНЕ ВЕНГРИИ

##article.authors##

  • Андреа Бан Дебрецен университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.13.12

Түйінді сөздер:

Түрік асханасы, этноботаника, шөптер мен дәмдеуіштер, миграция, тамақтану мәдениеті, Мажарстан

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада Мажарстанда (Венгрияда) тұратын түрік қауымдастықтарының асханасындағы шөптер мен дәмдеуіштердің рөлі, мәдени сабақтастық, бейімделу және алмастыру үрдісіне жете назар аударылады. Этнографиялық бақылауларға, бейресми сұхбаттарға және этноботаникалық әдебиеттерге сүйене отырып зерделеген мақалада дәстүрлі түрік аспаздық тәжірибелерінің Орталық Еуропа контекстінде қалай сақталатынын немесе өзгертілетінін талдайды. Шикізатты сатып алуға, этникалық азық-түлік дүкендерін пайдалануда түрік және мажар (венгр) гастрономиялық дәстүрлерінің өзара ықпалдасуы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері шөптер мен дәмдеуіштердің тек хош иістендіргіш ретінде ғана емес, сонымен қатар мигрант қауымдастықтарының мәдени бірегейлігін сақтауға ықпал ететін мәдени маркер ретінде де қызмет ететінін ашып көрсетеді. Белгілі бір бейімделулер қолжетімділікке және жергілікті талғамға байланысты болғанымен, түрік гастрономиясының негізгі құрылымы айтарлықтай тұрақты болып қала береді. Зерттеу мигранттардың тамақтану жолдарын түсінуге ықпал етеді және күнделікті аспаздық тәжірибелердің этноботаникалық маңыздылығын дәйектейді.

Жарияланды

2026-03-31