ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ МУЗЕЙЛІК ЖӘНЕ ТУРИСТІК ТОКЕНДЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.03Түйінді сөздер:
музейлік туристік токендер, музей индустриясы, мәдени жады, нумизматика, мәдени туризм, музейлік коммуникация, коллекциялау, мәдени мұра, жетондар, алтын, ҚазақстанАннотация
Аңдатпа. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің естелік монеталарды шығаруы тарихи жадты сақтаудың, ел мәдениетін дәріптеудің және отандық нумизматикалық мектепті дамытудың маңызды құралына айналды. Қазақстанның коллекциялық монеталары жоғары көркемдік деңгейі, заманауи соғу технологияларын қолдануы және мемлекеттің тарихи-мәдени мұрасын бейнелеуі арқылы халықаралық деңгейде танылды. Сонымен қатар шектеулі таралымы мен негізінен нумизматикалық қауымдастыққа бағытталуы бұл өнімнің бұқаралық мәдени-туристік өзара әрекеттесу саласындағы әлеуетін шектейді.
Мақалада музейлік және туристік токендер Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу құралы және музей тәжірибесінің элементі ретінде қарастырылады. Еуропа музейлерінде, тарихи орталықтарында және туристік маршруттарында туристік токендерді қолданудың халықаралық тәжірибесі талданады. Коллекциялық құндылыққа ие әрі мәдени жадты сақтауға ықпал ететін естелік металл токендерге ерекше назар аударылады.
Қазақстанның ұлттық нумизматикалық мектебінің даму ерекшеліктері, сондай-ақ музей индустриясында монета соғу технологияларын пайдалану перспективалары қарастырылады. Мақала музей қауымдастығының назарын тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және коллекциялау мәдениетін дамыту мақсатында сувенирлік және коллекциялық өнімдерді пайдалану мүмкіндіктеріне аударуға бағытталған.

