МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ: «ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҚЫШ-ҚҰМЫРА ЖАСАУ КӘСІБІ» ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА

##article.authors##

  • Бахтияр Нұрпейсов Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.06

Түйінді сөздер:

музей, жылжымалы көрме, музей педагогикасы, тарихи-мәдени мұра, музей коммуникациясы, қыш-құмыра өнері

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада музейдің мәдени-ағартушылық қызметіндегі жылжымалы көрменің алатын орны мен маңызы қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі кезеңде ұлттық тарихи-мәдени мұраны кең аудиторияға қолжетімді ету, музей мен қоғам байланысын нығайту және шалғай елді мекен тұрғындарының мәдени құндылықтармен танысу мүмкіндігін арттыру қажеттілігінен туындайды.

Зерттеудің мақсаты – музейдің мәдени-ағартушылық қызметіндегі жылжымалы көрменің орнын айқындау және оның тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы тиімділігін талдау.

Зерттеу барысында Ақтөбе облыстық музейі ұйымдастырған «Қазақ даласындағы қыш-құмыра жасау кәсібі» жобасының тәжірибесі қарастырылып, жоба аясында өткізілген көрме мен шеберлік сағаттың ұйымдастырылу барысы, қамтылған аудитория көлемі, мәдени-ағартушылық тиімділігі және келушілердің тарихи-мәдени мұраға қызығушылығын арттырудағы маңызы ерекше назарға алынды.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жылжымалы көрмелер музей қызметінің географиялық ауқымын кеңейтуге, әртүрлі әлеуметтік топтарды қамтуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді. Зерттеу жұмысы музей ісінің мамандарына, тарихшылар мен этнографтарға, мәдениеттанушыларға, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі қолөнері мен тарихи мұрасына қызығушылық танытатын оқырманға арналған.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30