ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ХАЛЫҚ МУЗЫКА АСПАПТАРЫ МУЗЕЙІН ҚҰРУДАҒЫ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.07Түйінді сөздер:
Ө. Жәнібеков, музейтану, аспаптану, өнертану, музей қоры, коллекциялар, экспозицияАннотация
Аңдатпа. Кең-байтақ еліміздің музейлері қорларында елеусіз, ескерусіз жатып, ұмыт бола бастаған қазақтың көне музыкалық аспаптар қазынасын бір жерге жинастыру ісі мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф – Өзбекәлі Жәнібековтің (1931-1998) идеясы мен жобасы арқылы алғаш рет мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылды. Қайраткердің сан-салалы еңбектерінің ішінде күні бүгінге дейін орнықтырылмай, жазылмай, тіпті, кейбіреулер тарапынан мойындалмай келе жатқан бір ісі болса, ол – Ө. Жәнібековтің Ықылас атындағы Халық музыка аспаптары музейінің құрылып-қалыптасу тарихын құрудағы рөлі.
1981 жылдың 24 сәуірінде халық игілігіне ұсынылған бұл музейдің құрылғанына биыл 45 жыл толды. Музейдің құрылу тарихы – халқымыздың рухани-мәдени мұраларына деген жанашыр тұлғалардың қайраткерлік еңбектерінен бастау алады. Талай тарихи сәттерді бастан өткерген музей қазіргі таңда еліміздің мақтанышына айналып, халықаралық деңгейде мойындалған мәдениет ошағы. Мақалада автор Ө. Жәнібековтің Ықылас атындағы Халық музыка аспаптары музейінің құрылып-қалыптасу тарихын құрудағы рөлін және музейде жинақталған мәдени мұра тарихымен тікелей байланысты мәселелерді қарастырады. Музей қорындағы қазақ мәдениеті жәдігерлері өз ерекшеліктеріне қарай өнертану, аспаптану, музейтану, археология, органология, литофония, драмология, заттану, аспаптану және поэзия, діни-ғұрыптық ұстанымдар секілді гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысанына жатады.

