ЫҚЫЛАС АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МУЗЕЙІНІҢ КОЛЛЕКЦИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.08Түйінді сөздер:
музей, экспозиция, музыкалық аспаптар, коллекция, орындаушылар, мемориалдықАннотация
Аңдатпа. Халық музыкалық аспаптары музей коллекциясының негізі болып табылады. Мақаланың мақсаты – музей экспозициясында ұсынылған коллекцияны музыкалық-тарихи тұрғыдан зерттеу. Зерттеудің негізгі объектісі – ұлттық аспаптар, оның әртүрлі этностардың музыкалық мәдениетінің генезисіндегі рөлі. Музыкалық аспаптар коллекциясының халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасу тарихы өзекті мәселе. Тарих, музыкалық археология, этномузыкология, аспаптану, фольклортану бойынша қолданылған ғылыми материалдар музыкалық тарихи мұраны, эстетикалық талғамды, әлемді адамның қабылдауын кең ауқымды білім тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік береді.
Мақалада XIX ғасырдың ортасынан бастап қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау және сақтау мәселелері, сондай-ақ XX ғасырда оларды зерттеу мен жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл тақырыпқа зерттеушілердің тұрақты қызығушылығы бүгінгі күнге дейін сақталып отырғаны атап өтіледі. Ұлттық музыкалық мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызды орталығы ретінде Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне ерекше назар аударылады. Ықылас Дүкенұлының қазақ музыкалық өнерінің дамуына қосқан үлесі, оның орындаушылық шеберлігі және халықтық аспаптар арқылы табиғат үндерін жеткізе білу қабілеті айрықша көрсетіледі. Сондай-ақ музейдің халықтық музыкалық аспаптарды зерттеу және көрмелеуге байланысты әлемдік музейлік тәжірибелер аясындағы маңызы қарастырылады.

