ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЕЛ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ БІЛГІРІ

##article.authors##

  • Ақлима Жұмашова «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.14.12

Түйінді сөздер:

қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф, Мәдени мұра, Отырар өркениеті, мәдениет, музей, жәдігер, қоржын үй, қайық

Аннотация

Аңдатпа. Мақала қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналады. Еңбекте ғалымның қазақ халқының тарихын, этнографиясын, дәстүрлі өнері мен әдеби мұрасын зерттеудегі ғылыми қызметі жан-жақты қарастырылады. Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту және насихаттау бағытындағы ұйымдастырушылық қызметіне, Қазақстандағы музей ісінің дамуына қосқан үлесіне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар мақалада «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы аумағында орналасқан  «Қоржын үй» мен «Томар қайықтың» тарихи-мәдени маңызы талданады. Бұл Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен жасалған этнографиялық нысаналар қазақ халқының дәстүрлі материалдық мәдениетін жаңғыртып, көпшілікке таныстыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібековтің қызметі ұлттық тарихи сананы қалыптастыру мен мәдени мұраны жүйелі түрде қорғау ісінде айрықша орын алатыны тұжырымдалады.

Ғалымның бастамасымен көптеген тарихи құндылықтар жинақталып, ұлттық тұрмыс, салт-дәстүрді танытатын музейлік мұрамыз зерттелген, қайта қалпына келтірілген. Мысалы, қазақтың дәстүрлі тұрғын үй үлгісі – қоржын үй мен томар қайық халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен өткен тарихын айқын көрсетеді. Ө. Жәнібековтің еңбектерінен ғалымның ұлттық тарихи сананы жаңғыртуға, мәдени мұраны сақтауға, келер ұрпаққа жеткізу үшін зор еңбек сіңіргенін көреміз.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30