ҚР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР: ТАРИХИ ЖАДЫ МЕН ДЕРЕКТІК МҰРА

##article.authors##

  • Жанна Орынбекова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.01

Түйінді сөздер:

Мерзімді басылым, газет, журнал, музей қоры, мәдени мұра, тарихи дереккөз

Аннотация

Аңдатпа. ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдарды тарихи дереккөз ретінде пайдалану зерттеліп отырған кезеңді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Жазбаша дереккөздер тобына жататын басылымдар, соның ішінде ғасыр басында дүниеге келіп, қысқа және ұзақ ғұмыр кешкен баспасөз өнімдері ұлт тарихына қатысты көптеген деректерге ие.

Мақалада ХХ ғасыр басында шыққан газеттер мен журналдар мәдени, білім беру және қоғамдық-саяси бейнені беретін маңызды тарихи дереккөздер ретінде қарастырылады. Тек баспа мәдениетінің ескерткіші ғана емес, тарихи оқиғалардың құжаттық дәлелі ретіндегі қызметіне айрықша мән беріледі. Қоғамдық пікірталас пен ойды дамыту алаңына айналған ұлттық баспасөзге назар аудара отырып, сақталған басылымдардың мәдени мұраның бірегей ескерткіші екенін көрсетеді.

ҚР Ұлттық орталық музейі қорындағы ХХ ғасырдың басында шығып отырған мерзімді жарияланымдарға шолу жасай отырып, баспасөздің дәуірдің негізгі оқиғаларын жариялау, білім беру идеяларын тарату, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі талданады. Жарияланымдар музей қорының маңызды бөлігі, құнды естелік ретінде қарастырылады. Мақаланың маңыздылығы – «Айқап», «Шолпан», «Абай» журналдары, «Тілші» газетіндегі мақалалардың қазақ қоғамын жаңғырту тарихы бойынша негізгі дереккөз ретіндегі ақпараттық әлеуеті мен құжаттық құндылығы айқындалады. Талдау негізінде мерзімді басылымдардың қоғамдағы рухани, мәдени және саяси-әлеуметтік өмірдің өзгеруін көрсететін рөлі ашылады.

Бұл басылымдардың ғылыми және деректанулық құндылығы жоғары деген қорытындыға келеді. Мақала араб әліпбиін (төте жазу) арнайы үйренбеген зерттеушілерге дереккөз іздеуде көмекші болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-25