МУЗЕЙ ЗАТТАРЫН ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯЛАУЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӨНІНДЕ (Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің реставрациялық қызметі тәжірибесі негізінде)

##article.authors##

  • Галия Темиртон

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.04

Түйінді сөздер:

музейлік зат, музейлік реставрациялау және консервациялау, ғылыми негізділік, материалдардың үйлесімділігі, технологиялар, түпнұсқалықты сақтау, құжаттандыру

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада музей қорындағы заттық деректер негізінде музейлердегі ғылыми реставрациялау-консервациялау қызметінің теориялық және практикалық негіздері мен қағидаттары қарастырылады. Ғылыми реставрациялау және консервациялау белгілі бір музейлік зат жасалған материалдарды, оны дайындау технологиясын, физикалық жай-күйін және бұзылу себептерін кешенді зерттеуге негізделген пәнаралық үдеріс ретінде сипатталады. Сонымен қатар, музейлік реставрациялаудың негізгі қағидаттарына – ғылыми негізділікке, заттың түпнұсқалығын сақтауға және соған сәйкес барынша аз араласуға, реставрациялық толықтырулардың қайтымдылығына, сондай-ақ жүргізілген жұмыстардың барлық кезеңдерін құжаттық тіркеуге ерекше назар аударылады.

Зерттеуде музей артефактілерін реставрациялауға беру үдерісінің негізгі кезеңдері және сараптамалық-кеңесші орган – Реставрациялау кеңесінің рөлі талданады. Музей заттарын, соның ішінде дәстүрлі қазақ кілемдері мен ағаш бұйымдарын реставрациялау үдерістері мен кезеңдерінің нақты мысалдары келтіріледі. Заттардың жай-күйін, оларды дайындау технологиясының ерекшеліктерін және зақымдану сипатын ескере отырып, реставрациялық тәсілдерді, материалдар мен әдістерді таңдаудың ерекшеліктері көрсетіледі. Ғылыми реставрациялаудың әдістерін жүйелі әрі логикалық қолданудың, сондай-ақ реставрациялық шешімдердің реттілігі мен негізділігін қамтамасыз етудің, этикалық қағидаттар мен құжаттандыру талаптарын сақтаудың қажеттілігі негізделеді. Сондай-ақ, мақалада музейлік реставрациялау этнодеректанулық зерттеу әдісі ретінде де қарастырылады. Ол музей заттарының дәстүрлі технологиялық сипаттарымен қатар, олардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-09-25