БЕЛГІСІЗ ТАҒДЫРЛАР: ШАМГУНОВТАР ОТБАСЫНЫҢ СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАҒДЫРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.07Түйінді сөздер:
Сталиндік қуғын-сүргін, саяси репрессия, Шамгуновтар отбасы, АЛЖИР, КарЛаг, архивтік деректер, тарихи жадАннотация
Аңдатпа. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдары. Мақалада жалпы кеңестің репрессия саясаты қазақ халқының зиялыларының да жазықсыз жазалаумен қатар, олардың отбасыларының тағдырына ауыр зардабын тигізгені жөнінде айтылады. Автор ХХ ғасырдың 1930 жылдары тарихындағы қасіретті сталиндік саяси қуғын-сүргінге байланысты Ақтөбе өңірінде дүниеге келген Шамгунов Нармағамбет Сутемірұлы мен оның отбасы тағдыры мен қасіретін қарастырады. Зерттеуде Нармағамбет Шамгунов пен Адия Шамгунованың НКВД тарапынан тұтқындалуы және кейін ату жазасына кесілгені, Адияның АЛЖИР мен КарЛагтағы тағдыры, олардың қызы Ғалияның ата-анасынан айырылып, туыстарының қамқорлығында өсуі және отбасының кейінгі ақталу тарихы талданады.
Шамгунов отбасы тарихы арқылы саяси қуғын-сүргіннің тек жеке адамға ғана емес, олардың отбасы мен ұрпағына да тигізген ұзақ мерзімді зардаптары көрсетіледі.
Бір әулеттің ата-анасынан айырылған балалардың кейін қайта табысуы, туыстарының қиын кезеңде туыстық жауапкершіліктері – сол заманның қаралы күндерінді де адамдық мейірім мен туыстық байланыстың сақталғанын көрсететін тағылымды оқиға ретінде бейнеленген.

