КЛАД ЗОЛОТООРДЫНСКИХ ДИРХАМОВ XIII ВЕКА С БЛИЖАЙШЕЙ ОКРУГИ ГОРОДИЩА ДЖЕНКАЛА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2026.15.09Түйінді сөздер:
Қазақстан, Оңтүстік Арал маңы, Жанқала, Жент; XIII ғ., Жошы әулеті, Алтын Орда, көмбе, монета, метрологияАннотация
Аңдатпа. Бұл жұмыстың мақсаты – Мөңке-Темір хан билігінің алғашқы бес жылындағы Жент дирһемдерінің метрологиялық сипаттамаларын анықтау. Көмбедегі 122 монета алғаш рет зерттеу нысанына алынды. Олардың біраз бөлігі 2023 жылы ҚР ҰОМ-нің грант аясында орындалған нумизматикалық экспедициясы барысында қарастырылған болатын. Көмбе 668-һижри жылдан (1270 ж.) ерте жасырылмағандығы анықталды. Зерттеліп отырған монеталардың диаметрі ~19±2 мм.-ді құрайды. Дирһемдер монета соғу ісінің салмақ мөлшеріне сәйкес келмейтін техникалық тапсырма, яғни эль марко жүйесі бойынша соғылған. Тіркелген модадан (0,6±0,075 г) салмақ ауытқуларының белгіленген мөлшері ±0,25 г.-нан асады. Бұдан бөлек, модасы 1,14±0,06 г. төңірегінде болатын монеталардың кемінде тағы бір тобы бар деп күтуге болады. Яғни, зерттелген монеталар эль марко соғу шегіндегі толық салмақты дирһемдердің ½ мөлшеріндегі өзіндік «фракциясы» болып табылады. Һижра бойынша 667 ж./б.з. 1269 жылы Жент ақша сарайы атауының монеталарға сыймай қалуы салдарынан дирһем типінің ауысуы орын алғаны анықталды.

