БҰЛҒАРЛЫҚ ОРДА АҚША САРАЙЫ (ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫНДАҒЫ «КАРАУЛЬНАЯ ГОРА» КӨМБЕСІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.10Түйінді сөздер:
көмбе, дирхам, Жошы ұрпақтары, Татарстан, Бұлғар, Караульная гораАннотация
Аңдатпа. Мақала «Караульная гора» көмбесіндегі Жошы ұлысы монеталарының бір топтамасын зерттеуге арналған. Монеталардың жалпы саны 2859 бірлік, оның 43-і Орда ақша сарайында соғылған. Автор монеталардың екі түрін ажыратады: бірінде ақша сарайының аты оңнан солға жазылса, екіншісінде керісінше – солдан оңға қарай жазылған. Метрологиялық талдау жасалып, одан монеталардың басым көпшілігінің салмағы 0,51±0,02 г екені, ал 43 монетаның орташа салмағы 0,54 г құрайтыны анықталған. Автор зерттелген монеталар хижраның 828 ж. /1425-1425 жылдардан кейін соғылған деп есептейді. Зерттеудің соңында бұл ақша сарайы қазіргі Татарстан жерінде болған деген қорытынды жасалады.
Сілтеме жасау үшін: Бугарчев А.И. Бұлғарлық Орда ақша сарайы (Татарстан Республикасы Ұлттық музейінің қорындағы «Караульная гора» көмбесі материалдарының негізінде) // MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 105-111 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.10