ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ЕСКІ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ АТРИБУЦИЯСЫ, МЕРЗІМІ ЖӘНЕ САҚТАЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

##article.authors##

  • Татьяна Крупа Павлодарский педагогический университет им. А. Маргулана

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.02.11

Түйінді сөздер:

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ, жамылғы, растрлық электронды микроскопия, мәдени мұра, Қазақстан, тарихи тоқыма, Р.Г. де Клавихо

Аннотация

Аңдатпа. Зерттеу нысаны – Қазақстанның бірегей тарихи-мәдени арефактісі болып табылатын, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының жерасты қылуетінде орналасқан ортағасырлық ірі діни қайраткер, философ Қожа Ахмет Ясауидің  бейітіндегі ескі жамылғы. Жамылғы қалдықтарын зерттеудің ең маңызды аспектісі оның алтын жіптерін зерттеу болды. Зерттеудің негізгі әдістері растрлық электронды микроскопты қолданатын оптикалық-физикалық және химиялық-технологиялық әдістер болды. Жұмыс барысында автор жамылғының жасалу уақыты XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басы, Әмір Темір тұсындағы кесененің салынуымен синхронды уақыт деген қорытындыға келеді. Осы жолмен алынған мәліметтер белгілі нарративтік дереккөздің Испания елшісі және саяхатшысы Р.Г. де Клавихо «Күнделігінен» алынған мәліметтермен расталды. Жұмыста бұл  Р.Г. де Клавихо мәліметтері жаңа аударма нұсқасында берілген. Қорытындылай келе, автор қазақстандық және дүниежүзілік тарихтың бірегей жәдігері (Қожа Ахмет Ясауидің ескі жамылғысы) тиісті қалпына келтіру, консервациялау жұмыстарын және мұқият пайдалануды қажет ететінін атап өтеді.

Сілтеме жасау үшін: Крупа Т.Н. Қожа Ахмет Ясауидің ескі жамылғысының атрибуциясы, мерзімі және сақталуы мәселелері // MUSEUM.KZ. 2023. № 2 (1). 112-119 бб. DOI 10.59103/muzkz.2023.02.11

Жарияланды

2023-07-23