ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТІС МОРФОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

##article.authors##

  • Күлән Сихымбаева ҚР Мемлекеттік орталық музейі (Қазақстан)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.07

Түйінді сөздер:

түркі дәуірі, одонтология, фен, краниология, физикалық антропология, батыстық комплекс, шығыстық комплекс, тұраноидтық раса, одонтологиялық анықтама

Аннотация

Қазіргі заманда тіс морфологиясының анықтамаларының нәтижелері физикалық антропологияда ерекше бағаланады. Өйткені одонтологиялық анықтамалар ерте және қазіргі адамдардың этногенетикалық процестері туралы өте құнды мағлұмат береді. Аталмыш мақалада Қазақстанның түркі дәуіріндегі тұрғындардың одонтологиялық сипаттамасы берілген. Материалдың тарихи хронологиясы түркі дәуірі VI-Х ғғ. қамтиды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері түркі дәуірі тұрғындарының одонтологиялық типі еуропеоидты екенін, ол жергілікті одонто-генетикалық негізінде қалыптасқанын айғақтайды. Сонымен қатар, моңғолоидтық элементтердің өте аз шамада кездесетіні  анықталды. Оны екінші азу тістің эмаль ойығы мен бірінші жоғарғы азу тістің эоконус төмпешігінің 3 варианты (1eo3) кездесуінен байқауға болады. Жалпы салыстырмалы талдау барысында түркі дәуірі тұрғындарының Күлтөбе сериясымен жақындығын байқатады.

Одонтологиялық  зерттеу жұмыстары  белгілі одонтолог А.А. Зубовтың әдістемесі бойынша жүргізілді [Зубов, 1968, 1973; Зубов, Халдеева, 1993]. Бұл әдістеменің маңыздылығы, оның  краниологиялық бағдарламамен сәйкестігін білдіреді. Палеоодонтологиялық зерттеу  бағдарламасы 17 одонтоскопиялық және  2  одонтоглификалық анықтамалар бойынша атап айтқанда: жоғарғы екінші күрек тістің краудинг формасы (І2), жоғарғы бірінші күрек тістің ернелену формасы (І12+3), гипоконус төмпешігінің редукцияға ұшырауы (hу 3,3+), Карабелли төмпешігі (Cara2-5), төменгі азу тістердің төрт, алты, төмпешікті формалары (M16,M14.M24) тізе бұрыш қатпары (DW), тригонидтің дистал жолы (DTC), эмаль ойығы, tami төмпешігі, 2med II, 1eo(3) және басқа да одонтоглификалық фендер анықталды. Одонтологиялық материалдардың аздығына байланысты  талдау жұмыстары тек қана типологиялық түрде ғана жүргізілді. Сонымен қатар зерттелген материалдарды өзара салыстыру үшін, графикалық әдістемесі қолданылды.

Автор өмірбаяны

Күлән Сихымбаева, ҚР Мемлекеттік орталық музейі (Қазақстан)

Тарих ғылымдарының кандидаты, антрополог, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Жарияланды

2023-10-02