2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында атқарылған этноархеологиялық зерттеулердің кейбір нәтижелері (қыстаулар және ғұрыптық орындар)

##article.authors##

  • Орынбай Ошанов Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты (Қазақстан)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.11

Түйінді сөздер:

қыстаулар, жайлау, зират, мешіт, керей, атығай, уақ, Сібір, Петропавл, Көкшетау, Есіл

Аннотация

Мақалада 2023 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) территориясында атқарылған этноархеологиялық зерттеулердің нәтижелері берілген. Оның ішінде қазақ қыстаулары, олардың орналасу ерекшеліктері, үй құрылыстары кең көлемде қамтылады. Қыстаулардың орналасуында жергілікті желдердің шешуші маңыз атқарқандығы анықталады.  Сонымен қатар, ХІХ ғасырда Петропавл уезінде қыстауларда тұрғызылған мешіттер де қарастырылады. Мақаланың біраз бөлігі аймақтағы көне қазақ зираттарына арналған. Қазақ зираттарының өзіндік сипаты, құрылысы және жерлеу ғұрпына байланысты кейбір ерекшеліктері сөз болады. Жергілкті халық арасыда айтылып келе жатқан естек халқы, «естек обалары» жайлы мәліметтер қарастырылады.

Автор өмірбаяны

Орынбай Ошанов, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты (Қазақстан)

Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының Аға ғылыми қызметкері  (Алматы қаласы Қазақстан)

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-02