ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАСАУ СУРЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИЗМ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕК ТАҒЫЛЫМЫ

##article.authors##

  • Райхан Ерғалиева

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.03.12

Түйінді сөздер:

өнер, кескіндеме, ою-өрнек, символизм, постмодернизм

Аннотация

Мақалада 1960-90 жылдардағы қазақ суретшілерінің шығармашылығы мысалында кәсіби бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі ұлттық ою-өрнектің таңбалық жүйесін интерпретациялаудың алуан түрлілігі қарастырылған. Қазақ ою-өрнегінің мәдени феноменінің формальды – құрылымдық және колористикалық ерекшеліктерін, атап айтқанда, композициялық ұйымдастыру, ырғақ пен кеңістіктің арақатынасы, семантика мен символизм, түстік қалаулар мен сызықтық ерекшеліктер сияқты ою-өрнектерді жасау принциптерін суретшілердің меңгеруіне ерекше көңіл бөлінеді. Отандық суретшілер шығармаларындағы қазақ ою-өрнегінің көркемдік тәсілдері мен пластикалық идеяларының органикалық тоғысуы, олардың ұлттық мәдениет пен менталитетпен органикалық байланысы ашылды.

Мақаланы жазуда дереккөз ретінде дәстүрлі ою-өрнек тәжірибесін интерпретациялайтын қазақ суретшілері – С. Айтбаев пен Т. Тоғысбаев, Ә. Сыдыхан, Б. Бәпішев, Ғ. Маданов, А. Есдәулетов, Ғ. Қаржасов және т.б. шығармаларды пайланылған. Жұмыс салыстырмалы талдау әдістері – жанрын, идеясы мен мәселелерін ашу; иконографиялық әдіс, ол ою-өрнектің образ ретіндегі тарихына, ою-өрнек сюжеттерінің түйінді сәттерін зерттеуге, сондай-ақ әдеби мәтіндерді герменевтикалық түсіндіру әдістеріне негізделген.

Автор өмірбаяны

Райхан Ерғалиева

Өнертану ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі.

Жарияланды

2023-10-02