ТАРБАҒАТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР

##article.authors##

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.04

Түйінді сөздер:

этнос, ұлт, этнография, салт-дәстүр, киім, қолөнер

Аннотация

Мақалада Тарбағатай қазақтарының зерттелуіне байланысты мәселелер туралы қарастырылған.  Мақаланың басты мақсаты – Шығыс  Қазақстан қазақтарының мәдеиетін зерттеген ғалымдардың еңбектерін саралау болып табылады. Қазақ даласы туралы жазба деректер патшалық Ресейдің отарлау саясатына байланысты көбейе түсті. Патша шенеуніктерінің жазба деректері толық зерттеулерге, таза ғылыми еңбектерге жатпаса да зерттелініп отырған тақырыпқа қажетті мағлұматтар береді және де бұл еңбектердегі қазақ өмірі жайындағы деректердің библиографиялық мәні қазірге дейін жойылған жоқ.

Зерттеу материалдары мен әдістері. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР МОМ Ұлттық кітапханасы, ҚР Орталық кітапханасы және т.б.

Тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазiргi кезеңде қалыптасқан обьективтiк және сыни талдау мен сыни зерделеу принциптерi басты  ұстанымда болды. Мақаланың әдiстемелiк негiзi – тарихилық және жүйелiлiк болып табылады. Сонымен бiрге, локальдық этнографиялық  зерттеудегі  бiрден-бiр тиiмдi жолы ретiнде проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық тәсiлдер де қарастырылды.

Автор өмірбаяны

Меруерт Егізбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, археология, этнология және музеология кафедрасының доценті

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-30