«ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ» ҚЫМЫЗ МЕРЕКЕСІН САҚТАУ ЖӘНЕ ТАНЫМАЛ ЕТУ ТӘЖІРИБЕСІ

##article.authors##

  • Бактияр Қожахметов Жезқазған тарихи-археологиялық музейі, «Ұлы тағзым» қоғамдық қоры (Қазақстан)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.06

Түйінді сөздер:

«қымыз» (кумыс), дәстүрлер, ғұрыптар мен әдет-ғұрыптар, мереке, фестиваль

Аннотация

Мақалада автор жүргізген ғылыми зерттеулер негізінде ол алған кейбір теориялық-практикалық нәтижелер бойынша Қазақстанның кейбір өңірлерінде, атап айтқанда Ұлытау облысында осы күнге дейін сақталған алғашқы қымыз алудың қазақи дәстүрлерін сипаттайтын материалдар баяндалады. Жұмыста көшпелі қоғамның жұмыс істеуі және өмір сүруінің дәстүрлері мен негізгі ерекшеліктері, көшпелілер қоғамындағы жылқының рөлі мен шаруашылық маңызы туралы жазған атақты ғалымдар, шетелдік саяхатшылардың ғылыми зерттеулерін талдауға назар аударылады. Ежелгі көшпелі тайпалардан бастап қазіргі қазақтарға дейін жылқыға қатысты табынушылық түсініктерді білдіретін семантикалық рөлі ашылды. Сондай-ақ «биенің сүтінінен ауыз тию» қазақтардың адамзат мәдени мұрасының бір бөлігіне айналған және табиғи өмірлік тәжірибеде де, фестивальдік нысанда да өткізілетін  «қымызмұрындық» халықтық мерекесі мәдени дәстүрінің маңызды элементтері сипатталған. 

Зерттеу материалдары мен әдістері: ғылыми жұмыстың негізі болған экспедициялық материалдар, сондай-ақ, жергілікті қауымдастықтар растаған бие байлау және нағыз табиғи таза бие сүтін ішу, ұлттық сусыны «қымызды» жасау және басқа да дәстүрлі тәжірибелер туралы сақталған және қолданылып жүрген дәстүрлер туралы деректер де, сондай-ақ «қымызмұрындық» қазақ халқының мерекесін ЮНЕСКО-ның адамзат бейматериалдық мұрасы бойынша Өкілдік тізіміне енгізу үшін дайындалған деректеме-материалдар болады.

Жарияланды

2023-12-30