ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МУЗЕЙІНДЕ ЗАМАНАУИ ЭКСПОЗИЦИЯЛАРЫ

##article.authors##

  • Ғалия Досмұхамбетова Қазақстан Республикасы Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музей

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.09

Түйінді сөздер:

әскери-тарихи музейлер, идеялық-мазмұндық ерекшеліктері, әскери дәстүрлер, тарихи зерде, музей көрмесі

Аннотация

Жұмыста әскери тарихты, салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды зерттеуге негізделген әскери тарих музейлердің тақырыптық және идеялық-мазмұндық ерекшеліктеріне талдау жасалады. Мақалада бұрын елімізде әскери тарих музейлердің болмағаны, қазақ этносының әскери тарихына ерекше көңіл бөлінбегені атап өтілген. Әскери музейдің көрмесін зерттеуде және құрастыруда негізгі мәселе ретінде, автор әскери тарих бағытына ерекше мән береді, мәселенің ерекшелігіне тоқталады.

Мемлекеттік әскери тарих музейінің ғылыми тұжырымдамасы негізінде ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі мемлекеттің әскери тарихының өзекті мәселелері қарастырылады. Ғылыми дереккөздерді пайдалана отырып, автор қазіргі Қазақстан аумағында ежелгі әскерлердің болғаны және сақтардың, ғұндардың, түріктердің, қыпшақтардың, моңғолдардың, қазақтардың әскери өнерінің дамуы туралы тарихи деректерді келтіреді.

Музейдің көрме кеңістігі тарихи-хронологиялық тәртіпте қазақстандық жауынгерлердің әскери қақтығыстарға, жергілікті, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысуын бейнелейді. Ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерге көп көңіл бөлінеді. Музей залдарының тақырыптық көрмесіне кең талдау жасау ұсынылып отырған тақырыптың негізділігін және осы бағыттағы зерттеулерді одан әрі дәлелдейді.

Зерттеудің материалдары мен әдістері. Келтірілген дереккөздер ретінде автордың қатысуымен жасалған немесе жеке әзірленген ғылыми тұжырымдамалар, ғылыми-әдістемелік материалдар, сондай-ақ музейдің ғылыми кеңесшілерінің тұжырымдамалары мен мақалалары пайдаланылды. Олардың негізгілері салыстырмалы тарихи, типологиялық, тақырыптық және хронологиялық әдістер.

Автор өмірбаяны

Ғалия Досмұхамбетова, Қазақстан Республикасы Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музей

Доцент, филология ғылымдарының кандидаты.

Жарияланды

2023-12-30