Д.А. ҚОНАЕВ МУЗЕЙІНДЕ ЕЛІНІҢ ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХЫ БАР

##article.authors##

  • Құралай Қожаханова Алматы қаласы музейлер бірлестігі

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2023.04.15

Түйінді сөздер:

Қоғам қайраткері, музей, экспозиция, жәдігер, келуші

Аннотация

Мақала көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш рет Социалистік Еңбек Ері, Саяси Бюросының мүшесі, Қазақ КСР КП ОК бірінші хатшысы қызметін атқарған, техника ғылымдарының докторы, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музейіне арналған.

Д.А. Қонаев басшылық еткен жылдары Қазақстанның көркеюі үшін еңбегімен ерекшеленіп, еліне жанашыр халқым деген ұстанымы берік тұлғаларымыздың бірі бола білді. Ол бүкіл ғұмырын халық арасында, егіндік алқаптарында, зауыт-фабрикалар мен салынып жатқан құрылыстарды аралап жүріп елінің  гүлденуіне арнаған біртуар азамат.

Музейіміз Д.А. Қонаевтың өмір сүрген жылдарында орын алған тарихи оқиғалардан бір ғасырға жуық еліміздің келелі оқиғаларын болашақ ұрпақтардың танып білуіне арналған киелі орын. Болашақ ұрпақ музейге келе отырып Д.А. Қонаевтың сүйікті ісі – арнайы жинаған бес мың кітабы, әр ел басшылары сыйлаған 84 қару жарақтар және 400-ден астам түрлі мемлекеттерден әкелінген оттықтарын т.б. кәдесыйларын көру барысында осы жылдардағы еліміздің басқа елдермен қарым-қатынастары, ел болып атқарған ауылшаруашылық, халықшаруашылықты дамыту, 43 қала мен 2000-елдімекеннің пайда болу сияқты көптеген тарихи оқиғаларды біледі.

Автор өмірбаяны

Құралай Қожаханова, Алматы қаласы музейлер бірлестігі

Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Д.А. Қонаев музейінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты

Жарияланды

2023-12-30