ҚЫПШАҚТАРДАН ҚАЗАҚТАРҒА ДЕЙІН. XIII-XVI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.02Түйінді сөздер:
Шыңғыстықтар, Шығыс Дешті Қыпшақ, Көк Орда, көшпелі өзбектер, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығыАннотация
Мақала Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінің саяси тарихы мәселелеріне арналған. Қыпшақ әлемінен қазақ мемлекеттілігіне дейін саяси құрылымдардың қалай дамығанын бақылау маңызды мәселе. Зерттеу Алтын Орда мен ерте қазақ кезеңдерін қамтиды.
Жұмыстың міндеті – XIII-XVI ғасырдың басындағы Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси тарихының негізгі тенденцияларын талдау. Жұмыстың мақсаты – Алтын Орда құрамындағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекеттіліктің ұлттық мемлекеттілікке дейінгі эволюциясын көрсету.
Зерттеу жұмысында салыстырмалы және проблемалық-хронологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Салыстырмалы әдіс Алтын Орда, көшпелі өзбек мемлекеті мен Қазақ хандығында орын алған үрдісті салыстыру үшін қолданды. Мәселелік-хронологиялық әдіс белгілі бір уақыт аралығындағы саяси үрдістердің ортақ заңдылығын іздеуден тұрады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы – Қазақ мемлекеттілігінің шығу тегін Алтын Орда тарихынан іздеу. Мақалада XIII ғ. – XVI ғ. басындағы Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси тарихы қарастырылды. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы түркі мемлекеттілігіне дәстүр сабақтастығы тән. Мемлекеттердің басында Маңғыт жұртындағыдай (Ноғай Ордасы) қара сүйектер емес, Шыңғысханның ұрпақтары болды. Олар Шыңғысхан әулетінің әртүрлі тармақтарына жатса да, Шыңғысханның қалыптастырған дәстүрі жалғасын тапты. Орыс хан тұсындағы Көк Орда, Әбілқайырдың көшпелі өзбек мемлекеті және Қасым ханның Қазақ хандығы бұрынғы Алтын Орданың сол қанатының аумағын мекен етті. Қазақ хандығының билеушілері Көк Орда билеушілері әулетінен шыққан (атап айтқанда, Орыс ханның ата-тегі Тоқа-Темірден тарайды). Көшпелі өзбек мемлекеті мен Қазақ хандығына Мәуреннахр, Шығыс Дешті Қыпшақтың батысының билеушілері үнемі қарсы тұрды. Сонымен қатар, Көк-Орда, көшпелі өзбектер мен қазақтарға алғашқы хандар тұсында күшті хандық билік тән болды.