СТАРОКУЙБЫШЕВСКИЙ ҚОНЫСЫНАН (ТАТАРСТАННЫҢ СПАССКИЙ АУДАНЫ) ТАБЫЛҒАН XIII-XIV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНА ЖАТАТЫН ЖОШЫ МОНЕТАЛАРЫ

##article.authors##

  • Алексей Бугарчев А.Х. Халиков атындағы Археология институты (Татарстан, Ресей)
  • Павел Петров ҚР Мемлекеттік орталық музейінің музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты https://orcid.org/0000-0001-8125-769X
  • Евгения Фёдорова Бас қор сақтаушы, Болгар мемлекеттік тарихи-архитектуралық музей-қорығы (Болгар қаласы, Татарстан, Россия)

DOI:

https://doi.org/10.59103/muzkz.2024.05.03

Түйінді сөздер:

динар, дирһем, монета, ақша айналымы, IV Старокуйбышевский қонысы, Бұлғар, XIII-XIV ғғ.

Аннотация

Бұл мақалада Татарстан аумағында орналасқан IV Старокуйбышевский қонысынан табылған нумизматикалық кешен қарастырылады. Ғылыми жұмыста көрсетілген XIII ғасыр мен XIV ғасырдың бірінші ширегіне тиесілі табылымдардың жалпы саны 56 дананы құрайды, оның 48-і халиф ан-Насыр есімі шекілген мыс динарлар. Солардың ішінде марқұм халиф ан-Насыр ли-дин Аллаһтың аты жазылған бұлғар мыс монеталарын зерттеу ерекше маңызды әрі қызықты. Шыңғыс әулетіне жатьатын билеушісі аталмаған, бірақ халифтың аты бар монеталар (жиі жылы көрсетілмеген, ал кейде тіпті ақша сарайының атауы жоқ) күміс және мыс түрінде де ортағасырлық Моңғол империясының көптеген ақша сарайларында 660 һ.ж. /1260 жылдардың басына дейін соғылып тұрды. Ал, Татарастан аумағында орналасқан Старокуйбышевский, Бұлғар қалашығы және Семёнов қонысынан табылған монеталардың гистограмм салмағын зерттеу Бұлғар мен оның төңірегіндегі ақша айналымындағы үдерістердің жалпы сипаты мен динамикасын көрсетеді. Авторлар C/64 және C/42 бұлгар дирһемдерінің метрологиясын қарастырады. Сонымен қатар, Орта Еділ бойынан (соның ішінде Старокуйбышевский қонысынан) Кіші Азияда билеген Селжүк әулетінің мыс дирһемдері табылымдары туралы қысқаша деректер қосымша беріледі.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Мақалаға IV Старокуйбышевский қонысынан табылған және Татарстан музейлерінде сақталынған  XIII-XIV ғасырлардағы күміс және мыс монеталар зерттеу материалы ретінде қолданылды. Зерттеу әдістері – топографиялық және метрологиялық.

Автор өмірбаяны

Алексей Бугарчев, А.Х. Халиков атындағы Археология институты (Татарстан, Ресей)

Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы Археология  институтының лаборант-зерттеушісі

Жарияланды

2024-03-29